Введите номер документа
Прайс-лист

«Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 50 бұйрығы

Информация о документе
Датачетверг, 2 февраля 2023
Статус
Действующийвведен в действие с 19 февраля 2023
Дата последнего изменениячетверг, 2 февраля 2023

Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 50 бұйрығы

 

«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы министрі

 

Е. Карашукеев

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сауда және интеграция

Министрлігі

 

Қазақстан Республикасының

Ауыл шаруашылығы

министрі

2023 жылғы 2 ақпандағы

№ 50 бұйрығымен бекітілген

 

 

Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу

қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 4-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және молекулярлық генетикалық сараптама жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

1) мамандандырылған зертхана – молекулярлық генетикалық сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлға немесе оның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ аккредиттелген заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом