Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы және осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органының өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 916, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 20 қазандағы № 377 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 21 қазандағы № 523/НҚ бірлескен бұйрығы
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 52-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған салық Салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы және осындай объектілері бар салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну бойынша жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен мемлекеттік кірістер органының өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.