«Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Астана қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 508-3859 Қаулысы
Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Нұр-Сұлтан қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 508-2075 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1295 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Астана қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулының қосымшасындағы жоғарғы оң жақ бұрышы жаңа редакцияда жазылсын:
«Астана қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 6 қазандағы
№ 508-2075 қаулысына
қосымша».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Астана қаласының әкімі | Ж. Қасымбек |
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
Астана қаласы әкімдігінің
2022 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 508-3859 қаулыға
қосымша
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің
2020 жылғы 6 қазандағы
№ 508-2075 қаулысына
Қосымша