Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 шілдедегі № 600 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер (бұдан әрі - өзгерістер) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2026 жылғы 12 тамыздан бастап қолданысқа енгізілетін 2-тармақтың бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтарын, 4-тармақтың он төртінші, он бесінші, отызыншы, отыз бірінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырық алтыншы және қырық жетінші абзацтарын қоспағанда, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 9 шiлдедегi
№ 600 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қазандағы № 1223 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Стратегиялық объектілер меншік иелерінің (құқық иеленушілерінің), оңалтуды немесе банкроттықты басқарушылардың стратегиялық объектіге ауыртпалық салу не оны иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау қағидаларында:
2-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жеке адамның және қоғамның қауіпсіздігін, елдің конституциялық құрылыс негіздерін, мемлекеттік Егемендігін, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетін қорғауды қамтамасыз етуге;».