ҚР Үкіметінің 2025.02.06. № 400 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (2025 ж. 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 17 қыркүйектегі
№ 754 қаулысымен
бекітілген
Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру
қағидалары
(2026.29.01. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Кредиттер/қаржы лизингі/шартты міндеттемелер/ форвардтық шарттар/облигациялар/опциондар бойынша кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру тәртібі
1-параграф. 7 (жеті) миллиард теңгеден аспайтын сомада қаржыландыру бойынша 1-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кепілдік беру шарттары
2-параграф. 7 (жеті) миллиард теңгеден асатын сомада қаржыландыру бойынша 2-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кепілдіктер беру шарттары
3-параграф. 1-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
4-параграф. 2-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
Қосымша. Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2026.13.01. № 12 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2026 ж. 27 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы Кепілдік беру қорлары шеңберінде кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі - Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 94-бабының 3-тармағына және 95-1-бабына сәйкес әзірленді, кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі/шартты міндеттемелері/форвардтық шарттары/облигациялары/опциондары бойынша міндеттемелерді орындауды ішінара қамтамасыз ету ретіндегі кепілдіктер берудің тетігі мен шарттарын айқындайды.
2. Кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес 1-ші кепілдік беру қоры және 2-ші кепілдік беру қоры шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржы лизингі/шартты міндеттемелері/форвардтық шарттары/облигациялары/опциондары бойынша, оның ішінде «жасыл» жобаларды (қаржыландыру) іске асыру мақсаттары үшін жүзеге асырылады.