Жүрдек жəне жоғары жүрдекті қозғалысқа арналған рельстер
Техникалық талаптар
ҚР СТ 1672-2007
Мазмұны
1 Қолданылу саласы
2 Нормативтік сілтемелер
3 Анықтамалар
4 Жіктелуі
5 Жалпы ережелер
6 Беткі ақаулар
7 Көлденең қима өлшемдеріне, ұзындықтарының нысанына қойылатын талаптар
8 Нысан мен өлшемдерді бақылау
9 Рельстерді қырнау
9.1 Рельстерді қырнау кезіндегі талаптар
9.2 Рельстерді қырнауды орындау
9.3 Қырнауды орындау критерийлері
10 Техникалық талаптар
11 Қабылдау ережелері
12 Бақылау əдістері
13 Транспорттау жəне сақтау
А қосымшасы. Рельс геометриясын бақылауға арналған шаблондар
1 Қолданылу саласы
Осы стандарт жүрдек жəне жоғары жүрдекті қозғалысқа арналған рельстердің техникалық талаптарын белгілейді.
2 Нормативтік сілтемелер
Осы стандартта келесі стандартқа сілтеме қолданылған:
ҚР СТ ГОСТ 51685-2007 «Темір жолдардың рельстері. Жалпы техникалық шарттар».
3 Анықтамалар
Осы стандартта сəйкес анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:
3.1 Жүрдек қозғалыс - жолаушылар пойызы қозғалысының жылдамдығы 160 жоғары 200 км/сағ дейін.
3.2 Жоғары жүрдек қозғалыс - жолаушылар пойызы қозғалысының жылдамдығы 200 км/сағ жоғары.
4 Жіктелуі
Темір жолдардың жоғары жүрдекті телімдерінде жаңа рельстер төселеді:
1435 мм жолтабаны үшін - МСЖД60 типті; 1524 мм жолтабаны үшін - Р65 типті.
5 Жалпы ережелер
Жоғары жүрдектік телімдерде түйіспесіз жол төселуі керек. Түйіспесіз жолілмектерін дəнекерлеуге түсетін рельстер 1-кестеде көрсетілген мəндерден асатын 1,5 м өлшеулер негізінде тікеліктен ауысуға ие болмауы керек.
1-кесте
| Шегінулер | Р65 типті рельстер | МСЖД60 типті рельстер |
| 1 | 2 | 3 |
| Сырғу беті бойынша тіке, мм | 0,3 | 0,5 |
| Бүйір қырда көлденең, шеткі мм | 0,55 | 0,7 |
| Қалған ұзындықта, мм | 0,45 | 0,55 |
6 Беткі ақаулар
Рельс беттерінде сызаттар мен жарылулар болмауы керек. Өркеш, майысу, соғылулар, əжімденулер, шағын бояу кету, сызаттар сияқты кейбір беткі ақаулардың тереңдігі мен төмпештігі 0,5 мм аспауы керек.
7 Көлденең қима өлшемдеріне, ұзындықтарының нысанына қойылатын талаптар
Көлденең қима өлшемдері ҚР СТ ГОСТ 51685 талаптарына сəйкесуі керек.