Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін белгілеу үшін техникалық құралдарды пайдалану нұсқаулығын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 20 маусымдағы № 236 бұйрығы
Осы редакция 2025 жылғы 6 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 70-44) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру кезінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің бұзушылықтар жасау фактілері мен іс-әрекеттерін тіркеу үшін техникалық құралдарды пайдаланудың қоса беріліп отырған нұсқаулығы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі | Ч. Аринов |
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2024 жылғы 20 маусымдағы
№ 236 бұйрығымен бекітілген