Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтары мен бұйрығының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 49/қе бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Материалдық-техникалық қамтамасыз ету департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы | Е. Сагимбаев |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2025 жылғы 13 мамырдағы
№ 49/қе бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтары мен құрылымдық элементтерінің
тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Академиясын бітіргені туралы белгілерінің және ішкі ведомстволық айырым реквизиттерінің сипаттамалары мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 26 тамыздағы № 271 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9769 болып тіркелген).