Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 124 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 859 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы Кодексінің 32-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д. Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 25 ақпандағы
№ 124 бұйрығымен
бекітілген
Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру
қағидасы
1. Осы Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру қағидасы кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру тәртібін айқындайды.
2. Кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын алу үшін ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағына сәйкес айқындаған аумақтық мемлекеттік кірістер органдары өткізетін біліктілік емтиханын тапсыру қажет.
3. Біліктілік емтиханды жүргізген аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының жауапты лауазымды тұлғасы бір жұмыс күн ішінде ведомостарын жинау және хаттамаларды жасау жолымен біліктілік емтихандарының қорытындысын шығарады.