Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 78 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының Тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы | Т. Сулейменов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
Төрағасы
2026 жылғы 30 маусымдағы
№ 78 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер енгізілетін кейбір қаулыларының тізбесі