ҚР СТ IEC 61992-3-2017
Темір жолдарға арналған электрлік стационарлық жабдықтар
Тұрақты токтың коммутациялық аппаратурасы
3-бөлім
Тұрақты токтың ішкі қондырғыларының айырғыштары,
айырғыш-ажыратқыштары және жерлендіретін ажыратқыштары
(IEC 61992-3:2015 Railway applications - Fixed installations - DC switchgear - Part 3:
Indoor d.c. disconnectors, switch-disconnectors and earthing switches, IDT)
Мазмұны
Кіріспе
1. Қолданылу саласы
2. Нормативтік сілтемелер
3. Терминдер мен анықтамалар
4. Пайдалану талаптары
5. Блоктың сипаттамалары
6. Конструкциясы
7. Ақпарат және таңбалау
8. Сынау
А қосымшасы(ақпараттық) Қажетті ақпарат
В.А қосымшасы (ақпараттық) Стандарттардың сілтемелік халықаралық, жергілікті стандарттарға, шетел мемлекеттерінің стандарттарына сәйкестігі туралы деректер
Кіріспе
Осы стандарт «Темір жолдарға арналған электрлік стационарлы жабдықтар.Тұрақты токтың коммутациялық аппаратурасы» түріндегі жалпы атауы бар IEC 61992 сериясының бөлігі болып табылады.
IEC IEC 61992 тоғыз бөлімнен құралады:
1-бөлім: Жалпы ережелері;
2-бөлім: Тұрақты токтың автоматтық ажыратқыштары;
3-бөлім: Тұрақты токтың ішкі қондырғыларының айырғыштары, айырғыш-ажыратқыштары және жерлендіретін ажыратқыштары;
4-бөлім: Тұрақты токтың сыртқы қондырғыларының айырғыштары, айырғыш-ажыратқыштары және жерлендіретін ажыратқыштары;
5-бөлім: Тұрақты ток жүйелеріне арналған арнайы мақсаттағы асқын кернеуден қорғауға арналған разрядтағыштар және төмен кернеуді шектегіштер;
6-бөлім: Тұрақты токтың коммутациялық аппаратурасының жинақтамасы;
7-1 бөлім: Тұрақты токтың тартпалы жүйелеріне арналған арнайы мақсаттағы өлшегіш, бақылағыш және қорғаушы құрылғылар. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық;
7-2 бөлім: Тұрақты токтың тартпалы жүйелеріне арналған арнайы мақсаттағы өлшегіш, бақылағыш және қорғаушы құрылғылар. Токты оқшаулайтын түрлендіргіштер және токты өлшейтін өзге де құрылғылар;