Атом энергиясын пайдалану және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қадағалау актісінің нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының 2026 жылғы 4 қарашадағы № 137-н/қ бұйрығы
«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-6-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қадағалау актісінің нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Атомдық қадағалау және бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы | А. Саткалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының
Атом энергиясы жөніндегі
агенттігінің төрағасы
2026 жылғы 4 қарашадағы
№ 137-н/қ бұйрығымен
бекітілген
Нысан
ЖЕДЕЛ ДЕН ҚОЮ ШАРАСЫН (ШАРАЛАРЫН) ҚОЛДАНУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАДАҒАЛАУ АКТІСІ
№____________