Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Түркістан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 19-150-VIII шешiмi
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес қоса беріліп отырған Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Түркістан облысы Сарыағаш ауданының құрамындағы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы Сарыағаш қаласы және 13 ауылдық округтерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | С. Таскулов |
Сарыағаш аудандық мәслихатының
2024 жылғы 27 маусымдағы
№ 19-150-VIII шешіміне 1-қосымша
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер