Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім (Бангкок, 2024 жылғы 23 сәуірде)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датавторник, 23 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего изменениявторник, 23 апреля 2024

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі арасындағы ұлттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы
келісім

(Бангкок, 2024 жылғы 23 сәуірде)

 

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 14 тамыздағы № 653 Қаулысымен бекітілді

 

Бұдан әрі жеке-жеке «Тарап» және бірлесіп «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Таиланд Корольдігінің Үкіметі

Тараптар мемлекеттерінің аумағына өз мемлекеттері азаматтарының келуін жеңілдету мақсатында

Тараптардың мемлекеттері арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесуді қалай отырып,

төмендегілер туралы келісті:

 

 

1-бап

 

Осы Келісімде қолданылатын «жол жүру құжаты» термині мыналарды білдіреді:

1) Қазақстан Республикасының жарамды жол жүру құжаты Қазақстан Республикасы азаматының ұлттық паспорты болып табылады;

2) Таиланд Корольдігінің жарамды жол жүру құжаты Таиланд Корольдігінің азаматының ұлттық паспорты болып табылады.

 

 

2-бап

 

1. Бір Тарап мемлекетінің азаматтары, қолданылу мерзімі кемінде 6 (алты) айдан кем болмауға тиіс жарамды жол жүру құжаттарының иелері, екінші Тарап мемлекетінің аумағына келу, одан кету, транзитпен өту, онда уақытша болу үшін келген күнінен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, күнтізбелік 180 (жүз сексен) күндік әр кезең ішінде жиынтығы күнтізбелік 90 (тоқсан) күн болатын кезеңге визалық талаптардан босатылады.

2. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің аумағында күнтізбелік 30 (отыз) күннен артық болуға ниет білдірсе, осы Тарап мемлекетінің заңнамасы мен қағидаларына сәйкес талап етілетін тиісті виза алуға тиіс.

 

 

3-бап

 

Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген адамдар екінші Тарап мемлекетінің халықаралық жолаушылар қатынасы үшін ашылған кез келген өткізу пункттері арқылы екінші Тарап мемлекетінің аумағына келе алады, одан кете алады немесе транзитпен өте алады және осы Тарап мемлекетінің келуге, кетуге және транзитпен өтуге қатысты заңнамасы мен қағидаларын сақтауға тиіс.

 

 

4-бап

 

Осы Келісімнің 2-бабында көрсетілген адамдар екінші Тарап аумағында болған кезеңінде оның заңнамасы мен қағидаларын құрметтеуге тиіс.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами