Өнеркәсіптік меншік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 251 бұйрығы
(2016.31.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2017 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мына:
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасына және өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды басқаға беру туралы шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Лицензиялық, сублицензиялық шарттарды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес «Патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес «Тауар таңбасын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
ҚР Әділет министрінің 2015.07.12. № 613 бұйрығымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес «Тауар шығарылған жердiң атауын пайдалану құқығын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес «Өнеркәсіптік үлгіге патент беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;