Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2022 жылғы 7 қарашадағы № 236 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Қостанай облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 2-қосымшасында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 235 «Жасыл екпелерді күтіп-ұстаудың және қорғаудың үлгілік қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын және «Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10886 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және Қостанай облысының аулалары мен қоғамдық аумақтарын абаттандыруға жауапты жеке тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың құқықтық мәртебесі мен шаруашылық қызмет нысандарына қарамастан барлық заңды тұлғалар үшін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру тәртібін айқындайды.»;
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: