Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешімі
(2026.18.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қостанай облысы мәслихатының 2023.07.06. № 27 шешімімен тақырыбы жаңа редакцияда (2023 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қостанай облысы мәслихатының 2020.13.03. № 481 шешімімен (бұр.ред.қара); Қостанай облысы мәслихатының 2023.07.06. № 27 шешімімен (2023 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Қостанай облысы мәслихатының 2021.09.07. № 74 шешімімен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); Қостанай облысы мәслихатының 2023.07.06. № 27 шешімімен 1-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 24 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары бекітілсін.
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2015 жылғы 14 қазандағы № 442 «Қостанай облысы қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қарашада «Костанайские новости» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрағасы | М. Ахметов |
| Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы | С. Ещанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай
облысы тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_________________В. Нечитайло
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Ішкі
істер министрлігі Қостанай