Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 74 шешімі
Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары;»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау қағидалары осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Сессия төрайымы | А. Мурзабекова |
| Қостанай облыстық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы | Н. Утеулин |
Қостанай облысы мәслихатының
2021 жылғы 9 шілдедегі
№ 74 шешіміне
қосымша
Мәслихаттың
2017 жылғы 15 наурыздағы
№ 130 шешіміне
1-қосымша
Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің жасыл екпелерін күтіп-ұстау және қорғау
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер