Мәслихаттың 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қостанай облысы мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 481 шешімі
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қостанай облыстық мәслихатының «Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендерiнiң жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларын, аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 15 наурыздағы № 130 шешіміне (2017 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7014 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің керіспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2) және 4-3) тармақшаларына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасында:
көрсетілген шешіммен бекітілген Қостанай облысының қалалары мен елдi мекендер аумақтарының жасыл екпелерiн күтiп-ұстау және қорғау қағидаларында:
3-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
«2) ағаштарды кесу - 2014 жылғы 16 мамырдағы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Рұқсаттар туралы Заң) 2 - қосымшаның 159-тармағына сәйкес уәкілетті органның рұқсаты бойынша жүзеге асырылатын ағаштарды кесу бойынша жұмыс;»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 27) тармақшамен толықтырылсын: