«Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2021 жылғы 23 маусымдағы № 10/63-VII шешімі
Семей қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Семей қаласының 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Семей қаласы мәслихатының 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 61/437-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8100 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2021-2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 - қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 51 783 393,2 мың теңге:
салықтық түсімдер - 24 805 403,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 108 888,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 3 344 941,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 23 524 161,2 мың теңге;
2) шығындар - 58 423 849,8 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру - -146 039,0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 35 004,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 181 043,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 0,0 мың теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0,0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -6 494 417,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 6 494 417,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 8 150 346,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 951 454,1 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 2 295 525,7 мың теңге.»;
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының резерві - 556 534,6 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы | Н. Альменева |
| Қалалық мәслихаттың хатшысы | Б. Ақжалов |
Шығыс Қазақстан облысы