Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 шешімі
(2019.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2020 жылғы 23 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, V сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.
2. Күші жойылды деп танылсын:
1) «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ХІХ сессиясының 2013 жылғы 12 қыркүйектегі № 175 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1004 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 қазанда «Алматы ақшамы» №127 және «Вечерний Алматы» №131 газеттерінде жарияланған);