Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2015 жылғы 31 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабының 3-тармағының 14)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрінің орынбасары С.М.Жұманғаринге жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
| Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрі | Б. Жәмішев |