Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 122 бұйрығы
Осы редакция 2016 жылғы 27 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 167-бабының 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасы бекітілсін.
2. «Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 17 наурыздағы № 110 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9253 тіркелген, 2014 жылғы 11 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді басылымдарда ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жауапты хатшысы М.Б. Бекетаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 122 бұйрығымен
бекітілген
Жеке сот орындаушыларының қызметін бақылауды жүзеге асыру
қағидалары