«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 4 тамыздағы № 550 бұйрығы
ҚР Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2026 жылғы 19 маусымдағы № 229 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық органдарынан сұратылатын өрттер туралы мәліметтер» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 928 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12441 болып тіркелген, «Әілет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 31 желтоқсанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер және адам өлімі туралы жалпы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер ретінде есепке алуға жатпайтын жану жағдайлары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттердің шығу себептері туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрттер шыққан объектілер туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй секторындағы өрттер мен олардың зардаптары туралы мәліметтер әкімшілік деректерін жинауға арналған нысан осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;