Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 10 ақпандағы № 65 бұйрығы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 20 қаңтардағы № 28 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, бірінші вице-министрі және вице-министрлерінің арасында міндеттерді бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 625 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) Персоналды басқару департаменті осы бұйрық қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде оны Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың 3-тармағының орындалуын бақылау Министрліктің Аппарат басшысының міндетін атқарушы З.С. Байғаскинаға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 10 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
1-қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ
құрылымы

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 10 ақпандағы
№ 65 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 қыркүйектегі
№ 625 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі,