Атаулы әлеуметтік көмек саласындағы есептілік құжаттама нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 24 мамырдағы № 168 бұйрығы
(2026.13.06. берілген өзгерістермен)
Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 26 мамырдағы № 195 бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.06.11. № 423 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2024 ж. 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының екінші абзацына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024.06.11. № 423 бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (2024 ж. 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы ай сайынғы есеп;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес шартсыз ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес шартты ақшалай көмек түріндегі мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу туралы тоқсан сайынғы есеп;