2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы
Тараз қалалық мәслихатының 2019 жылғы 20 желтоқсандағы № 54-3 шешімі
Осы редакция 2020 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандагы Бюджет кодексінің 9 бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Тараз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер - 65 643 817 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 11 483 496 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 183 008 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер - 4 483 059 мың теңге;
трансферттер түсімі - 49 494 254 мың теңге;
2) шығындар - 61 471 053 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 216 202 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 216 202 теңге;
қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - 3 956 562 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - -3 956 562 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 3 956 562 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.
2. 2020 жылға арналған қала әкімдігінің резерві 300 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
3. 2020 жылға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын бюджет бағдарламаларының тізбесі 4 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау және интернет-ресурстарында жариялауды қалалық мәслихаттың бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және 2020 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.