«ҚазМедТех» акционерлік қоғамын кұру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 1238 Қаулысы
(2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 28 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазМедТех» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметінің негізгі мәні лизинг шарттарымен одан әрі денсаулық сақтау ұйымдарына беру үшін медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен 2010 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 3600000000 (үш миллиард алты жүз миллион) теңге мөлшерінде Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін;
2) Қоғамның медицнналық техниканы өндірушілермен және өндірушілердің ресми өкілдерімен аффилирленуін болдырмау жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық садтау министрлігімен бірлесіп Қоғамның жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) Қазақстан Республйкасы Денсаулық сақтау министрлігіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын берсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.