Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компаниясының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2019 жылғы 11 шілдедегі № 500 бұйрығы
(2025.11.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2026 жылғы 27 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020.15.05. № 290 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025.26.09. № 398 бұйрығымен (2025 ж. 11 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда
«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 11) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың басқарушы компанияның есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Арнайы экономикалық аймақтың басқару органының есептілікті ұсыну қағидалары мен кезеңділігін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 334 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7207 болып тіркелген 2011 жылы 18 қазанда «Егемен Қазақстан» газеттерінде № 501-502 (26894) жарияланған);