«Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2026 жылғы 27 тамыздағы № 139 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 27 маусымдағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36351 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бизнестің цифрлық картасын әзірлеу жөніндегі әдістемеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Бизнестің цифрлық картасы Қазақстан Республикасының цифрлық заңнамасына сәйкес «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерімен және ұйымдардың цифрлық жүйелерімен интеграциялық өзара іс-қимыл шеңберінде алынатын кәсіпкерлік субъектілері туралы деректер негізінде қалыптастырылады.»;
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: