«Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 24 тамыздағы № 296 бұйрығы
Осы редакция 2018 жылғы 25 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 2 тамыздағы № 244-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4897 болып тіркелді, «Заң газеті» газетінде 2007 жылғы 14 қыркүйекте № 141 (1170) жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Әртүрлі сыныптағы полигондарға орналастыруға арналған қалдықтардың тізбесі бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр түрлі сыныпты полигондарда орналастырылатын қалдықтар тізімдемесі (бұдан әрі - Тізбе) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;