«Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормаларын, оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 321 бұйрығы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 44-4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу ережелерін іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шығыстар нормалары мен оқуға және тағылымдамадан өтуге үлгілік шарттарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 сәуірдегі № 163 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 2 мамырда № 7613 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 29 мамырдағы № 274-278 (27352) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген елдер бөлімінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы көлемін анықтау үшін шығыстар нормаларында:
1-тармақ:
реттік нөмірі 40 келесі мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
| 40. | Қазақстан Республикасы* | 450 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | 500 АҚШ долларына балама сомадан артық емес | - | - | - | - | - |
»;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Ескерту: Қазақстан Республикасында тілдік курстардан өту үшін».
2.1, 2.2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2.1. Визаны ресімдеу, ұзарту (консулдық жинақ), виза (консулдық жинақты) ресімдеу үшін Елшіліктің талабы бойынша міндетті қызметтер;
шетелдің жоғары оқу орындарына 5-тен (бестен) аспайтын сауалнама нысанын ресімдеу және беру;
қабылдаушы елдің уәкілетті органдарында және шетелдің жоғары оқу орындарында стипендиаттардың тіркелуі;