Введите номер документа
Прайс-лист

«Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бірлескен бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датачетверг, 25 июня 2015
Статус
Утратил силу
утратил силу с 20 августа 2016

Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бірлескен бұйрығы

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығымен күші жойылды

 

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысаны бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің интернет-ресурстарында орналастыруды;

4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом