Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 276 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасреда, 12 декабря 2018
Статус
Утратил силу
утратил силу с 24 декабря 2019

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 276 бұйрығы

 

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 205 бұйрығымен күші жойылды

 

«Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берілген:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет кадрлары жай-күйінің мониторингі бойынша есеп» нысаны;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Теріс себептермен мемлекеттік қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметкерлер туралы есеп» нысаны;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының түлектері бойынша есеп» нысаны;

4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинақтауға арналған «Халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлектері туралы есеп» нысаны бекітілсін.

2. «Мемлекеттік органдардың қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өткен қызметкерлері туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысандарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 06-7/181 бұйрығының қүші жойылды деп танылсын («Егемен Қазақстан» газетінде 2014 жылдың 13 наурызында № 49 (28273) жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9065 тіркелген).

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом