Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 724 бұйрығы
(2016.22.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасы;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Экономиканың жекелеген салаларында (аясында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарты бекітілсін.
2. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы | М. Құсайынов |
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 25 қарашадағы
№ 725 бұйрығына
1-қосымша
__________________________
(Конкурсты
ұйымдастырушының толық
атауын және осы
конкурстық құжаттаманы
бекіткен лауазымды