Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ОРТАША ЖАЛАҚЫНЫ ЕСЕПТЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕК...

Информация о документе
Датапятница, 12 апреля 2024
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 12 апреля 2024

Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 908 бұйрығы

(2024.12.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2025 ж. 16 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабы 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса берiлiп отырған Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидалары бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгiленген тәртiппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;

2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жiберудi;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсiн.

3. «Орташа жалақыны есептеудің бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 567 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11855 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің жауапты хатшысы А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом