Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгі ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 156 бұйрығы
ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 576-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-6-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы үлгі ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі | А. Балаева |
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрі
2021 жылғы 6 мамырдағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиялар туралы
үлгілік ереже
1-тарау. Жалпы ережелер