Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 тамыздағы № 420 бұйрығы
(2025.16.05. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 131-1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландырудың нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | К. Ақатов |
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2025.28.04. № 211 бұйрығымен нормалары жаңа редакцияда (2025 ж. 16 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрінің міндетін атқарушының
2023 жылғы 17 тамыздағы
№ 420 бұйрығына
қосымша
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру
нормалары