Введите номер документа
Прайс-лист

«Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 94/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 14/1 Қаулысы

Информация о документе
Датапонедельник, 19 января 2026
Статус
Действующийвведен в действие с 2 марта 2026
Дата последнего измененияпонедельник, 19 января 2026

Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 94/1 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Павлодар облысы әкімдігінің 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 14/1 Қаулысы

 

Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 94/1 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

осы қаулыны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

осы қаулыдан туындайтын өзге де кажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі

А. Байханов

 

Павлодар облысы әкімдігінің

2026 жылғы 19 қаңтардағы

№ 14/1 қаулысына

қосымша

 

 

«Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ереже

 

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. «Павлодар облысының ақпарат және қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Павлодар облысының аумағында ақпарат, ішкі саясат, қоғамдық даму, мемлекеттік жастар саясатын және мемлекеттік этносаралық және диаспоралық саясат салаларындағы өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами