Введите номер документа
Прайс-лист

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ 2012.29.08 № 15-0...

Информация о документе
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесін, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 29 тамыздағы № 15-02/435 Бұйрығы

 

Осы редакция 2015 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Төмендегі:

1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды адамдардың тізбесі;

2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес нысанды киім (погонсыз) үлгілері;

3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес нысанды киімді (погонсыз) киіп жүру үлгілерінің Ережесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық және Астана, Алматы қалаларының аумақтық инспекция басшылары өсімдіктер карантині саласында мемлекеттік қадағалауды тікелей жүзеге асыратын лауазымды тұлғалардың нысанды киімдерін (погонсыз) сатып алуды республикалық бюджетпен қарастырылып бөлінген қаржының шегінде қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (Хасенов С.С.) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Министр

А. Мамытбеков

 

Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2012 жылғы 29 тамыздағы

№ 15-02/435 бұйрығына

1-қосымша

 

 

Нысанды киім (погонсыз) киіп жүруге құқығы бар лауазымды тұлғалардың

тізбесі

 

1. Тиісті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өсімдіктер карантині жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом