Введите номер документа
Прайс-лист

«Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 259 бұйрығы (2021.11.10. берілген өзгерістермен)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 6 августа 2021
Статус
Действующийвведен в действие с 11 октября 2021
Дата последнего измененияпонедельник, 11 октября 2021

 «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 6 тамыздағы № 259 бұйрығы

(2021.11.10. берілген өзгерістермен)

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 156 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20783 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Туристік операторлық қызметті (туроператорлық қызмет) жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021.11.10. № 303 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2021 ж. 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

4. Осы бұйрық 2021 жылдың 11 қазанынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Министрдің міндетін атқарушы

Н. Дауешов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Сравнение редакции
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами