Введите номер документа
Прайс-лист

«Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 293 бұйрығы

Информация о документе
Датапятница, 30 мая 2025
Статус
Действующийвведен в действие с 4 июня 2025
Дата последнего измененияпятница, 30 мая 2025

«Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 293 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының әділет вице-министрлеріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

 

Е. Сарсембаев

 

Қазақстан Республикасы

Әділет министрі

2025 жылғы 30 мамырдағы

№ 293 Бұйрығына

қосымша

 

Қазақстан Республикасының

Әділет министрінің

2023 жылғы 26 маусымдағы

№ 408 бұйрығымен

бекітілген

 

 

Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. Мемлекеттік органдар мен олардың қарамағындағы ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұлттық операторлардың ведомствоішілік қызметін реттейтін және үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғамайтын нормативтік құқықтық актілер.

2. Нормативтік техникалық құжаттарды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами