2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 110 Қаулысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бекітілсін:
2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес.
2. «Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы ресми жарияланғанынан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Батыс Қазақстан облысының әкімі | Н. Турегалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2025 жылғы 16 мамырдағы
№ 110 қаулысына қосымша
2025 жылға субсидияланатын пестицидтердің, биоагенттердiң (энтомофагтардың) тізбесі және пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 литріне (килограмына, грамына, данасына) арналған субсидиялар нормалары