Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 - 2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 51 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың 2026 - 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі - Кешенді жоспар) бекітілсін.
2. Кешенді жоспардың орындалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдары, өзге де ұйымдары (келісу бойынша):
1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын және көрсеткіштерге қол жеткізілуін қамтамасыз етсін;
2) жылына бір рет, есепті жылдан кейінгі жылдың 15-і күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы 29 қаңтардағы
№ 51 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығын дамытудың
2026 - 2030 жылдарға арналған кешенді жоспары
Кіріспе
Мал шаруашылығы саласы туралы
Мал шаруашылығы Қазақстан үшін ауыл шаруашылығының дәстүрлі әрі аса маңызды саласы болып табылады. Қазіргі уақытта мал шаруашылығының үлесі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің шамамен 40 %-ын құрайды. Соңғы жылдары бұл салада өндіріс көлемі мен мал басының 2-3 % деңгейде белгілі бір өсімі байқалуда.