Ерікті түрде сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу және қолданылу, сондай-ақ тіркелген ерікті түрде сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу және көрсетілген тізілімдегі мәліметтерді беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 22 маусымдағы № 422-НҚ бұйрығы
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ерікті түрде сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу және қолданылу, сондай-ақ тіркелген ерікті түрде сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу және көрсетілген тізілімдегі мәліметтерді беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
| Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі | Б. Сұлтанов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
сауда және интеграция министрінің
2021 жылғы 22 маусымдағы
№ 422-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Ерікті түрде сертификаттау жүйесінің жұмыс істеу және қолданылу, сондай-ақ
тіркелген ерікті түрде сертификаттау жүйелерінің тізілімін жүргізу және көрсетілген тізілімдегі мәліметтерді беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер