«2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы № 908 Қаулысы
(2020.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҚР Үкіметінің 2020.29.01. № 21 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.06.11. № 742 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.10.12. № 839 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.29.12. № 903 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. 2020 - 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет, оның ішінде 2020 жылға мынадай:
1) кiрiстер - 11 906 910 617 мың теңге, оның iшiнде:
салықтық түсiмдер бойынша - 5 560 089 549 мың теңге;
салықтық емес түсiмдер бойынша - 976 507 201 мың теңге;
негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша - 2 512 099 мың теңге;
трансферттер түсiмдерi бойынша - 5 367 801 768 мың теңге;
2) шығындар - 13 941 047 236 мың теңге;
3) таза бюджеттiк кредиттеу - 228 526 548 мың теңге, оның iшiнде:
бюджеттiк кредиттер - 338 215 473 мың теңге;
бюджеттiк кредиттердi өтеу - 109 688 925 мың теңге;
4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо -196 122 166 мың теңге, оның iшiнде:
қаржы активтерiн сатып алу - 196 122 166 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы - -2 458 785 333 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 3,5 проценті;
6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы - -7 776 582 201 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмінің 11,1 проценті;
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру - 2 458 785 333 мың теңге көлемінде атқаруға қабылдансын.
ҚР Үкіметінің 2020.06.11. № 742 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын басым республикалық бюджеттік инвестициялар тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттің жобасына кейінге қалдыру шартымен енгізілген, өте маңызды және жедел іске асыруды талап ететін міндеттерді іске асыруға бағытталған басым республикалық бюджеттік инвестициялардың тізбесі;