«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 810 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 24, 193-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2) көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2017 - 2018 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
мына:
«Магистратураға қабылдау
| Атауы | Мемлекеттік білім беру тапсырысы | Жылына 1 магистрантты оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге) |
| Ғылыми және педагогикалық магистратура | Бейінді магистратура | Ғылыми және педагогикалық магистратура | Бейінді магистратура |
| 2017 жылғы 4 айға | 2018 жылғы 8 айға | 2017 жылғы 4 айға | 2018 жылғы 8 айға |