Ұлттық жобалардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 11 тамыздағы № 79 және Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 1 бірлескен бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 31 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің 81-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаларды әзірлеу жөніндегі әдістеме;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаны ұсыну форматы;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес ұлттық жобаны іске асыру жоспар-кестесінің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес ұлттық жобалар бойынша есептілік нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Стратегиялық талдау және даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет - ресурсында орналастыруды;
3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агентігінің Төрағасы | К. Келимбетов |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі | А. Иргалиев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігі