Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 қазандағы № 463 бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 561 бұйрығымен күші жойылды
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 32-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қайта бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 4 қазандағы № 433 бұйрығының күші жойылсын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Қ.М. Сәрсембаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Р.Е. Дәленов 2019 жылғы «___»________ | «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы бірінші вице-министрі Б.Ш. Шолпанқұлов 2019 жылғы «___»________ |
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2019 жылғы 22 қазандағы
№ 463 бұйрығымен бекітілген
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
2019-2021 жылдарға арналған
Бюджеттік бағдарламаның коды және атауы: 001 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру»
Бюджеттік бағдарламаның басшысы: ҚР БҒМ Жауапты хатшысы А. Өрсариев