Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 29 қыркүйектегі № 1033 бұйрығы
(2025.21.01. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2025 жылғы 26 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің міндетін атқарушы | Д. Темирбеков |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 1033 бұйрығымен
бекітілген
Арнаулы мемлекеттік қор қаражатын пайдалану және мониторингтеу
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер